Алматыдағы шетелдіктерге арналған караоке бар немен айналысқан?

Алматыдағы шетелдіктерге арналған караоке бар немен айналысқан?

Алматыдағы шетелдіктерге арналған караоке бар немен айналысқан?
ашық дереккөзі
Корей азаматы Алматыда шетелдіктерге арналған секс-притон ашып алған, - деп хабарлайды қалалық ІІД өкілдері. Жалға алынған жеке үйде жезөкшелердің притонын ашқан адам Оңтүстік Кореяның 47 жастағы азаматы болып шықты. Ол ЖШС директоры екен. Полицейлердің айтуынша, ол үйді караоке-бар ретінде ашқан. Бұл мақсатта күдікті қаланың қақ ортасында зәулім үй жалдап, сенімді адамдарынан құралған көмекшілерін жұмысқа қабылдаған. Бұл "барда" тек шетелдіктерге қызмет көрсетілген. Ақысы да шетел валютасында төленіпті. "Корей азаматы Қазақстан азаматтарынан құралған тобымен сақтық және қауіпсіздік шараларын қатты қадағалаған. Әр адамның өз рөлі болған. Мәселен, Алматы облысының 45 жастағы тұрғыны ЖШС-да директор ретінде есепте болып, персоналдың жалақысын төлеумен айналысқан, сонымен қатар, ЖШС-ның заң және қаржы мәселелерін шешкен. Ал Жамбыл облысының 51 жастағы тумасы "караоке-барда" күзетші болыпты. Ол мекемені күзетіп, тек тексерілген адамдарды кіргізген. Бұл қылмыстық ортада 29 жастағы азаматша бардың әкімшісі ретінде жазылса да, интим қызметін ұсынатындардың кастингін өткізген. Мекеменің ішінде әйел "мадам" деп аталған. 20 жастағы азаматша болса мекеменің касса қызметінде жұмыс істеген. Жедел және арнайы шараларды жүргізудің қорытындысында түскен мәлімет бойынша, ол клиенттерден ақша алған. Жеңіл жүрісті қыздардың қызмет көрсету бағасы 100-300 доллар аралығында", - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД-нің Ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес басқармасының басшысы Ерлан Оралбеков. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабының 2-бөлігі бойынша Алматы қалалық ІІД Тергеу басқармасы тергеу жүргізіп жатыр. Оңтүстік Корея азаматы Қылмыстық кодекстің 128-бабының тәртібінде уақытша ұстау изоляторына қамалды.