Еуропа лигасы 1/16 финалының жеребесі тартылды

Еуропа лигасы 1/16 финалының жеребесі тартылды

Еуропа лигасы 1/16 финалының жеребесі тартылды
ашық дереккөзі
Бүгін Швейцарияның Ньон қаласында UEFA Еуропа лигасы 1/16 финалының жеребесі тартылды деп хабарлады turkystan.kz. Жеребе тарту рәсіміне 16 клуб қатысты. Еуропа лигасының топтық кезеңінде екінші орын алған 8 клуб (еленгендер) және Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде үшінші орын алған сегіз клуб (еленбегендер). Жеребе қорытындысы бойынша: «Аякс» (NED) - «Унион» (GER) «Байер» (GER) - «Монако» (FRA) «Барселона» (ESP) - «Манчестер Юнайтед» (ENG) «Зальцбург» (AUT) - «Рома» (ITA) «Севилья» (ESP) - «ПСВ»(NED) «Спортинг» (POR) - «Митьюлланд» (DEN) «Шахтер» (UKR) - «Ренн» (FRA) «Ювентус» (ITA) - «Нант» (FRA). Алғашқы ойын Чемпиондар лигасында үшінші орын алған командалардың алаңында өтеді. Айта кетейік, бірінші ойындар 16 ақпанға жоспарланған, ал екінші ойындар бір аптадан кейін өтеді.