Жаңалықтар

Қарақат Әбден Жезқазған қаласына барды

ашық дереккөзі

Қарақат Әбден Жезқазған қаласына барды

Қарақат Әбден «Суицидпен күрес жөнінде ұлттық стратегиялық жоспар» әзірлеуді ұсынды. Президенттікке үміткердің бұл ұсынысын жиынға қатысқан сайлаушылар, психолог мамандар мен ювеналды полиция органдарының ардагерлері, аналар кеңесі мен ардагерлер кеңесінің мүшелері қолдады. Дөңгелек үстел барысында өзекті тақырып бойынша статистикалық мәліметтер келтірілді. 2018-2022 жылдар аралығында 18 мыңға жуық адам өз-өзіне қол жұмсаса, 21 мыңнан астам қазақстандық өзіне қол салуға әрекет еткен. Белгілі болғандай, Қазақстан өз-өзіне қол жұмсау бойынша алғашқы 20 елдің қатарында болса, балалар мен жастар арасындағы суицид бойынша еліміз әлемде алғашқы үштікке кіреді.