Жаңалықтар

Сайлау-2022: Салтанат Тұрсынбекова үгіт-насихат жұмысы бойынша есеп берді

ашық дереккөзі

Сайлау-2022: Салтанат Тұрсынбекова үгіт-насихат жұмысы бойынша есеп берді

Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының 16 күнінде алты өңірде болды: Астанада, Қарағанды ​​облысында, Ақмола облысында, Түркістан облысында, Шымкент және Алматы қалаларында халықтың түрлі топтарымен кездесулер өткізді. 16 күн ішінде штаб ұжымы қазақстандықтарды кандидаттың сайлауалды бағдарламасы мен жоспарларымен таныстыру үшін өте көп жұмыс істеді. Салтанат Тұрсынбекова өзін ел Президенттігіне кандидат етіп ұсынған «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдеріне сайлау науқанында бүгінге дейін жасалған жұмыстар бойынша қорытынды есеп берді.