Істі кейінге қалдырумен күресудің 4 жолы

Істі кейінге қалдырумен күресудің 4 жолы

Істі кейінге қалдырумен күресудің 4 жолы
ашық дереккөзі
Адамзаттың 95%-ы істі кейінге қалдыруға бейім келеді екен. Ал күнделікті әдетке айналдырудың салдарынан ауруға шалдығады. Бірақ көбі біле бермейді. Прокрастинацияның себебі көп. Бірақ шешімі де жоқ емес. Алдымен себебін анықтау керек деп жазды turkystan.kz balbal.kz сайтына сілтеме жасап. Прокрастинация деген не? Психологияда прокрастинация – істі кейінге қалдыру.  Себебі адам психикасы кез келген қиын істен қашуға бейім. Сылтаурататынымыз содан. Бұл қасиет барлық адамға тән. Көбі жалқаулықпен байланыстырады. Десе де күнделікті бұлай істеу психологиялық дертке әкеледі. Оған шалдыққандарды прокрастинатор дейді.  Ересектердің 20%-ында кездеседі. Бұл еріншектік емес. Жалқау VS Прокрастинатор Еріншек адам кез келген істі орындаудан бас тартады. Ал прокрастинатор істен түбегейлі бас тартпайды. Тек кейінге шегереді. Жалқау адам жұмыстан қашып, демалуға тырысады. Ал прокрастинатор іске кірісуге батпай, бұл уақытты басқа іске арнайды. Неге істі кейінге қалдырады? Салдары қандай? Көбіне кейінге қалдыратын адамдар өзіне қызықсыз не пайдасыз шаруаны істегісі  келмейді. Бұл - ішкі мотивацияның болмауынан. Әрі істі қолға алудан қорқудан. Себебі өз ісіне «ешкімге қызық емес», «пайдасыз» деп баға беріп қойған. Күнделікті жоспардың  жоқтығы да әсер етеді. Сондықтан дедлайнға аз уақыт қалғанда кірісіп, нәтижесінде тапсырманы шала орындайды. Басқа да себептеріне тоқталайық. Перфекционист VS Прокрастинатор Перфекционист адам жұмысты жоғары деңгейде орындауға тырысады. Сондықтан бірден бастамай, үтір-нүктесіне  дейін зерттейді. Идеал түрде орындаймын деген оймен біраз уақыт жоғалтады. Прокрастинация мен жауапкершілік Прокрастинатор адамдарда жауапкершілік жоқ деу - қате. Олар бір істің орнын басқа іспен толықтырады. Өзін кінәлау сезімі жоғары. Мысалы, бүгін үй жинамай ертеңге қалдырса, орнына кітап оқуға тырысады. Осылайша өзін ақтап алады. Прокрастинациямен қалай күресу керек? Дедлайн қою. Іске кіріспес бұрын тапсырманы аяқтайтын уақытты белгілеңіз. Сол уақытта орындаңыз. Жоспар құру. Ертең орындауыңыз керек жұмысты рет-ретімен қағазға түсіріңіз. Орындалған соң белгі қойыңыз. Бұл әдетті қалыптастырсаңыз, өміріңізді қадағалай аласыз. Қағазға жазылған дүниелерді ми орындауға тырысады. Тапсырманы орындауға келіспес бұрын қолыңыздан келе ме, жоқ па, анықтап алыңыз. Егер тапсырманы орындау қиынға соқса, көмек сұрап, шешімін табыңыз. Бірақ кейінге қалдырмаңыз. Бөліп орындау. Жоғарыда айтқанымдай, тапсырма ауыр болғандықтан оны кейінге қалдырады. Сондықтан жеңіл деңгейден бастаңыз. Мысалы, кітап оқу керек болса, бастапқыда күніне 5 бет оқимын деп қана жоспарлаңыз. Енді тапсырма жеңілдеді.