Былапыт сөз айтудың денсаулыққа пайдалы екені рас па?

Былапыт сөз айтудың денсаулыққа пайдалы екені рас па?

Былапыт сөз айтудың денсаулыққа пайдалы екені рас па?
ашық дереккөзі
Кардиолог дәрігер Сергей Васильев Life басылымына берген сұхбатында былапыт сөз айту жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысына пайдалы екенін айтты деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. Маманның сөзінше, бұл жөнінде тәжірибе жасалған. Бір топ адамға былапыт сөз айтуға рұқсат етілсе, екінші топқа тыйым салынған. Зерттеу нәтижесі бойынша, былапыт сөз айтқан адамдардың стресс гормоны азайған. Ал ол өз кезегінде жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысын жақсартады.
«Былапыт сөз айту механизмі әлі зерттеліп жатыр, бірақ бірқатар тәжірибе жасалды. Яғни былапыт сөз айту кезінде адамдарда кортизола деңгейі азаяды. Ол - жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысына әсер ететін стресс гормоны», - дейді Васильев.