«Дене 20-30 метр артта жатыр»: жүргізуші әйелді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен
«Дене 20-30 метр артта жатыр»: жүргізуші әйелді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен
Алматыда жаяу жүргіншіні көлік қағып, қашып кеткен деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 7 қарашада таңертең Момышұлы көшесінде болған. Таңғы сағат 7:30 шамасында Alatau city тұрғын үй кешені алдында кептеліс пайда болды. Мұндағы жаяу жүргіншілер өткелінде адамды қағып кеткені белгілі болды. Соққының күшті болғаны сонша, дене 20-30 метр артқа ұшып кеткен.
Оқиға орнына бірнеше полиция көлігі келді. Мәйіттің жанында жерде жатқан сөмкеге қарағанда, жәбірленуші әйел екен.
Полицейлер марқұмның Алматы тұрғыны екенін растады. Ол 45 жаста болған. Тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғасына кінәлі жүргізуші оқиға орнынан бой тасалағанын атап өтті.
«7 қарашада таңғы сағат 7:25-те белгісіз жүргізуші белгісіз көлікпен Момышұлы көшесі бойымен солтүстік бағытта, №5 үйге қарама-қарсы келе жатып, жолдың белгіленген бөлігінде батыс бағытта өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні, 1977 жылы туған әйелді қағып кетті, салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында қаза болды.
Дерек бойынша, Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі мен 347-бабы бойынша соталды тергеу басталды. Сараптамалар тағайындалды, осы қылмысты жасаған жүргізушіні анықтау және ұстау шаралары жүргізіліп жатыр», - деді Алматы қалалық ПД тергеу басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.