«Балалар күйзелісте»: Ләйлә Сұлтанқызы отбасындағы жағдай туралы айтып берді (естелік)

«Балалар күйзелісте»: Ләйлә Сұлтанқызы отбасындағы жағдай туралы айтып берді (естелік)

«Балалар күйзелісте»: Ләйлә Сұлтанқызы отбасындағы жағдай туралы айтып берді (естелік)
ашық дереккөзі
«Карантиндегі отбасы» жобасының түсірілімі кезінде Ләйлә Сұлтанқызы жолдасымен карантин талаптарын қалай сақтап жатқанын және отбасындағы кикілжіңдерді шешу жолдарын айтты деп жазды Turkystan.kz. Ләйлә Сұлтанқызы түсірілімге ұлы Сағадатпен қатысқан.
«Карантин кезінде анамның тағам дайындағанын көп көрген жоқпын. Осы жексенбіде анашым пирог жасаған. Оның дәмін көргенде, үйдегі бар лимонның суын соған құртыпты», – деді ол анасын күлдіріп.
Ал карантин талаптарына кейінгі уақытта біраз үйренгенін айтты. «Бұл оқшаулау кезеңінің бір артықшылығы – балалармен жақын қарым-қатынас құра білуде» деді Сұлтанқызы. Карантинде үйде отырған ерлі-зайыптылар арасында түсініспеушілік болып, ұрыс-керістердің де белең алып жатқаны белгілі. Ерлі-зайыптылар осы тақырып туралы да ойын ашық айтты. Бұл тақырыпқа көшкен сәтте бөлмеден бөлмеге өткен отағасын Ләйлә Сұлтанқызы ортаға шақырып алды. Ол байқаусызда кадрге кіріп кеткенін түсініп, әңгімеге араласуға келісті. Үйде анда-санда болып тұратын ыдыс-аяқ сылдырын бес минутта шешіп тастаймыз деді отағасы. https://www.youtube.com/watch?v=cKx2ML7hoX8&list=PLhKb7c-Mnhg9_zlSRj2LQ58XMortj0Xfx&index=2