ҚазҰУ-да Шерхан Мұртазаның 90 жылдығы атап өтілді

ҚазҰУ-да Шерхан Мұртазаның 90 жылдығы атап өтілді

ҚазҰУ-да Шерхан Мұртазаның 90 жылдығы атап өтілді
ашық дереккөзі

Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Журналистика факультетінің ұйымдастыруымен Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері -  Шерхан Мұртазаның 90 жыл толуына арналған «Шерхан Мұртаза - замана шындығын айтқан заңғар тұлға» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті деп хабарлады turkystan.kz. Конференция аясында Алаштың қайраткер ұлы - Тұрар Рысқұловтың есімін қайта тірілткен теңдессіз қалам иесі, қазақ журналистикасының өзіндік мектебін қалыптастырған ұстаз, бір кем дүниесі бір төбе Шер атамыздың өнегелі ғұмыры жайлы және ұлттық құндылық, ұлттық идеология, жаңа Қазақстан жайлы сөз етілді.  width= Қазақ журналистикасының мэтрі, классик жазушы - Шерхан Мұртаза 1932 жылы 28 қыркүйекте Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген. 1955 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің тілшісі, әдеби қызметкері болды. 1963-1970 жылдары «Лениншіл жас» газетінің редакторы, «Жазушы» баспасының, «Жалын» альманағының, «Жұлдыз» журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының екінші хатшысы, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы әрі Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, 1989-1992 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы, 1992–1994 жылдары ҚР мемлекеттік телерадио компаниясының төрағасы болып істеді. ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты болған. Жазушының әр жылдары «Табылған теңіз» (1963), «Белгісіз солдаттың баласы» (1969), «Ахметжанның анты» (1973), «Мылтықсыз майдан» (1977) повестері, «41-жылғы келіншек» (1972), «Интернат наны» (1974) әңгімелері, «Қара маржан» (1977), бес кітаптан тұратын «Қызыл жебе», «Ай мен Айша» (1999) романдары, шығармаларының төрт томдығы (1990- 2000), шығармаларының 6 томдығы, таңдамалы шығармаларының 7 томдығы, «Елім, саған айтам, Елбасы, сен де тыңда» (К. Смайыловпен бірге) (1998), «Бір кем дүние» (2008) кітаптары жарық көрген. Ғылыми-тәжірибелік конференцияға университетіміздің  оқытушы-профессорлар құрамы, Журналистика факультетінің студенттері және арнайы шақырылған қонақтар - Нұрлан Оразалин, Мыңбай Дархан, Әшімжан Жанарбек, Бибігүл Жексенбай қатысты. Конференция басында, ҚазҰУ Басқарма Төрағасы-Ректор Жансейіт Қансейітұлы Түймнбаев Шер атамыздың 90 жыл толуымен құттықтап, Қазақ журналистикасына қосқан үлесі - халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын қазына екенін сөзінде тиек етті.  width= Шара барысында, Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі -  Мамай Ахетов Шер атамыздың 90 жылдығымен құттықтап, Алматы қаласы әкімі - Ерболат Досаевтың арнайы құттықтауын жеткізді және  ҚР сенат төрағасының кеңесшісі Бибігүл Жексенбай, сенат төрағасы - Мәулен Әшімбаевтың Нұр-сұлтан қаласынан келген арнайы құттықтауын табыс етті. Конференцияда көрші елдердегі Өзбекстан, Түркия, Ресей, Венгрия ғалымдарының жүрекжарды құттықтауын Led экран арқылы көрсетті. Сонымен қатар журналист - Қали Сәрсенбай және профессор Қансейіт Әбдешұлы конференцияда Шерхан Мұртазаға арналған ғылыми баяндамаларын көпшілікке таныстырды. Осылайша, шындықтың шырақшысы атанған - Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына орай өткізілген ғылыми - тәжірибелік конференция өз мәресіне жетті.  width=

Кино&медиа мамандығының 1 курс студенті Нұрай Бақберген

Жетекшісі: аға оқытушы, куратор Н.Б. Рушанова