Жаңалықтар

ҚазҰУ-да Шерхан Мұртазаның 90 жылдығы атап өтілді

ашық дереккөзі

ҚазҰУ-да Шерхан Мұртазаның 90 жылдығы атап өтілді

Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Журналистика факультетінің ұйымдастыруымен Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері -  Шерхан Мұртазаның 90 жыл толуына арналған «Шерхан Мұртаза - замана шындығын айтқан заңғар тұлға» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті деп хабарлады turkystan.kz. Конференция аясында Алаштың қайраткер ұлы - Тұрар Рысқұловтың есімін қайта тірілткен теңдессіз қалам иесі, қазақ журналистикасының өзіндік мектебін қалыптастырған ұстаз, бір кем дүниесі бір төбе Шер атамыздың өнегелі ғұмыры жайлы және ұлттық құндылық, ұлттық идеология, жаңа Қазақстан жайлы сөз етілді. Шара барысында, Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі -  Мамай Ахетов Шер атамыздың 90 жылдығымен құттықтап, Алматы қаласы әкімі - Ерболат Досаевтың арнайы құттықтауын жеткізді және  ҚР сенат төрағасының кеңесшісі Бибігүл Жексенбай, сенат төрағасы - Мәулен Әшімбаевтың Нұр-сұлтан қаласынан келген арнайы құттықтауын табыс етті. Конференцияда көрші елдердегі Өзбекстан, Түркия, Ресей, Венгрия ғалымдарының жүрекжарды құттықтауын Led экран арқылы көрсетті. Сонымен қатар журналист - Қали Сәрсенбай және профессор Қансейіт Әбдешұлы конференцияда Шерхан Мұртазаға арналған ғылыми баяндамаларын көпшілікке таныстырды. Осылайша, шындықтың шырақшысы атанған - Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына орай өткізілген ғылыми - тәжірибелік конференция өз мәресіне жетті.