Ақтөбеде футболдан кейін төбелес болды (ВИДЕО)
«Ақтөбе» мен «Қайрат» командалары арасында футболдан кейін жанкүйерлер арасында төбелес болды деп хабарлады turkystan.kz Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПД-нің мәліметінше, полицейлер жағдайды дер кезінде бақылауға алған.
«Матч барысында жанкүйерлер арасында түсінбестік болғанмен, тәртіп бұзылмады. Эмоцияға бойалдырған жанкүйерлермен полиция қызметкерлері профилактикалық әңгіме жүргізді», - деді облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі.
Айта кетейік, «Ақтөбе» өз алаңында Алматының «Қайратын» қабылдап, 4:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.