Шымкенттік ғалымдар ерекше техника ойлап тапты (ВИДЕО)

Шымкенттік ғалымдар ерекше техника ойлап тапты (ВИДЕО)

Шымкенттік ғалымдар ерекше техника ойлап тапты (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Шымкенттік ғалымдар бір өзі төрт машинаның жұмысын атқаратын бесаспап техника ойлап тапты деп хабарлады turkystan.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап. Трактор тіркемесі жер жыртады, егістік тегістейді, арық қазады.
«Бұл техниканы жасауға темір де аз кетеді. Яғни 800 келіге дейін жеңілдейді. Ал ауаға газдың таралуы 3 есеге азаяды. Егіс алқабын сапалы өңдеу өнімділікті 10-15%-ке дейін арттырады», – дейді жоба жетекшісі Нұрлыбай Манабаев.
Тіпті, техниканы патенттеп, тіркеменің үш данасын сынақтан да өткізіп үлгерген. Енді демеуші табылып жатса, жаппай өндіріске шығаруға әзір.
«Биыл проект есебінен Алматыдан мемлекеттік сынаудан өткізіп кетті. Сынаудан да жақсы өтті. Протоколдарының бәрі бар. Сатуға рұқсат қағазын да берді», - дейді техника ғылымдарының кандидаты, доцент Нұрлыбай Манабаев.
Қалалық Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқарма басшысының орынбасары Қайрат Базарбеков жаңа жобаға қатысты пікір білдірді.
«Екі жоба бүгінгі таңда өздерінің инновациялық жобаларын өндіріске енгізу мүмкіндіктерін алып отыр. Бұл жобалар алдағы уақытта біздің ауыл шаруашылығы саласын сүйемелдеуге қолдау табады», - дейді ол.
https://www.youtube.com/watch?v=9-ivbq3UyAY