Жаңалықтар

«Өзгерістер халқымыздың тағдырына тікелей әсер етеді» – Уайс Ерсайынұлы

ашық дереккөзі

«Өзгерістер халқымыздың тағдырына тікелей әсер етеді» – Уайс Ерсайынұлы

Ұлттық Құрылтай мүшесі, Ақтау қалалық мәслихатының депутаты Уайс Ерсайынұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жария қол қойған маңызды заңдарға қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz. «Бүгінгі заңдарға қол қою рәсімі Қазақстанның жаңа дәуірінің бет-бұрысы деп айтуға болады. Себебі, осы уақытқа дейін біздің айтып келген өзгеріс, халықтың күткен өзгерісі, осы Конституцияға енген өзгерістердің барлығына бүгін нүкте қойылды. Нәтижесінде Президенттен бастап, бүкіл атқарушы билік, заң шығарушы биліктің құрылымы түгелдей өзгеріске ұшырап жатыр. Мәселен, осы өзгерістердің ішінде ерекше айтып өтетінім – бүкіл партиялардың филиалдарының төрағасы болып әкімдердің сайланбауы. Олардың құзыретіне қазір шектеу қойылып жатыр. Осының өзін үлкен Конституциялық өзгеріс деп айтуға болады. Бұдан басқа, өзгерістердің барлығы еліміздің, халқымыздың тағдырына тікелей әсер ететін, қарапайым азаматтардың мемлекет билігіне өзінің құқығын қорғауға тікелей атсалысатын жаңа механизмдерге жол ашылды», - дейді ол.