Жаңалықтар

Шуша түркі әлемінің 2023 жылғы мәдени астанасы болды

ашық дереккөзі

Шуша түркі әлемінің 2023 жылғы мәдени астанасы болды

Түркі әлемінің 2023 жылғы мәдени астанасы – Шуша қаласы. Бұл туралы ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесінің ХХХІХ отырысында Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. «Шуша қаласының басқыншылықтан азат етілуі – түбі бір түркінің ортақ қуанышы. Сондықтан Шуша Түркі әлемінің 2023 жылы мәдени астанасы болуға әбден лайық», - деді ол. Әзірбайжанның Таулы Қарабақ аумағындағы Шуша қаласын 1992 жылдың 8 мамырында армян әскерлері басып алған. Салдарынан қаланың 30 ауылы күйреді, 195 адам армян әскерлері қолынан қаза тапты. 165 адам жараланды, 58 адам із-түзсіз жоғалып кетті, 24 мыңнан астамы Жер аударылды. 2020 жылдың 8 қарашасында Шуша армян әскерлерінің басқыншылығынан азат етілді.