Ақтөбеде баласын бейтаныс адамға тастап кеткен әйел табылды

Ақтөбеде баласын бейтаныс адамға тастап кеткен әйел табылды

Ақтөбеде баласын бейтаныс адамға тастап кеткен әйел табылды
ашық дереккөзі
Ақтөбеде 4 жасар баласын көршісіне қалдырып, сол күйі жоғалған әйел табылды деп хабарлады turkystan.kz POLISIA.KZ телеграм каналына сілтеме жасап. Баланың анасы полицияға өзі келген. Айтуынша, ол баланы бейтаныс адамдарға қалдырып, жұмыс орнынан жалақысын алуға кеткен. Жолда танысымен кездесіп, екеуі алкогольдік ішімдік ішкен. 43 жастағы әйелге ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы «Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша хаттама толтырылды. Еске салсақ, Ақтөбеде 4 жасар баласын көршісіне қалдырып, сол күйі жоғалған әйел іздестіріліп жатқан болатын.