Ақтау әуежайында жүк тиеуші жолаушылардың алтын бұйымдарын ұрлаған

Ақтау әуежайында жүк тиеуші жолаушылардың алтын бұйымдарын ұрлаған

Ақтау әуежайында жүк тиеуші жолаушылардың алтын бұйымдарын ұрлаған
ашық дереккөзі
Көлік полициясы 1 млн теңгеге жуық тұратын алтын бұйымдарды ұрлаған Ақтау әуежайының жүк тиеушісін ұстады деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Жүк тиеушінің заңсыз әрекетінен «Ақтау – Анталия» және «Ақтау – Алматы» рейстерінің екі жолаушысы зардап шеккен. Маңғыстау станциясындағы желілік полиция бөліміне «Ақтау – Анталия» бағытындағы әуе рейсінің 41 жастағы жолаушысы жүгінде болған алтын бұйымдардың (екі неке сақинасы, екі сырға, білезік, алқа) ұрланғаны туралы шағымданған. Осыған ұқсас өтініш көлік полициясына Алматы қаласының 42 жастағы тұрғынынан да түскен. Ол «Ақтау – Алматы» бағытындағы әуе рейсімен үйіне ұшып келгеннен кейін алтын бұйымдардың (гауһар тастары бар сары және ақ алтыннан жасалған сырға-сақиналар) жоғалғанын анықтаған. Жәбірленушілерге келтірілген залал сомасы 930 мың теңгені құрады.
«Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында көлік сақшылары әуежайдың 30 жастағы жүк тиеушісін ұстады. Күдіктінің Маңғыстау облысының тұрғыны екені анықталды. Ол өз кінәсін мойындады. Заттай дәлелдемелер тәркіленіп, иелеріне қайтарылды. Тергеу жүргізілуде», – деді Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеев.