Жаңалықтар

Баласын тастап, дүкенге кеткен әйелге іздеу салынды

ашық дереккөзі

Баласын тастап, дүкенге кеткен әйелге іздеу салынды

Ақтөбе облысы Полиция департаментінің қызметкерлері баласын Нариманов көшесінің тұрғынына тастап, хабар-ошарсыз кеткен әйелге іздеу жариялады деп хабарлады turkystan.kz. Департаменттің мәліметінше, дүкенге кеткен белгісіз әйел сол күйі оралмаған. «Аталған мекенжайға ювеналды полиция қызметкерлері барды.  Бала шамамен 3-4 жаста, өзін «Аңсар» деп таныстырған. Ол «Аяла» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына орналастырылды», – делінген ресми хабарламада. Полиция қызметкерлері баланың туыстары туралы қандай да бір мәліметтер болса, 8-771-785-10-58 немесе 102 телефонына хабарласуды сұрайды.