Елімізде баспана құны қымбаттай ма?

Елімізде баспана құны қымбаттай ма?

Елімізде баспана құны қымбаттай ма?
ашық дереккөзі
Қазақстан Риэлторлары бірлескен қауымдастығы президентінің кеңесшісі Нина Лукьяненко алдағы уақытта баспана құнының өсу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Баспана бағасы өсуі мүмкін. Егер еліміздің экономикасын, сондай-ақ, басқа елдердің экономикасын мұқият қарасақ, онда барлығында инфляцияның жоғары қарқынын байқауға болады. Бұл өз кезегінде валютаның сатып алу қабілетінің төмендеуін білдіреді. Егер елімізде жылжымайтын мүлік бағасының қалыптасуы туралы айтатын болсақ, онда импортталатын инфляция есебінен жаңа тұрғын үйдің шаршы метрінің құны қымбаттай түседі», - деді Нина Лукьяненко.
Осы орайда, сарапшы баспана нарығында бағаның күрт ауытқуы болмайтынын, бірақ инфляция процестері аясында баға өзгеретінін айтты.
«Егер материалдар сатып алынатын елде инфляция 8-10 пайызды құраса, біз осы материалдармен бірге елге инфляцияның осындай деңгейін жеткіземіз. Инфляцияның бұл деңгейі теңгенің құнсыздануына қосымша әсер етеді. Баспана құнының күрт ауытқуы болмауы мүмкін, бірақ инфляция үдерістері аясында баға өзгереді», - деді Нина Лукьяненко.