Жаңаөзенде бокс ардагерлерін еске алуға арналған турнир басталды

Жаңаөзенде бокс ардагерлерін еске алуға арналған турнир басталды

Жаңаөзенде бокс ардагерлерін еске алуға арналған турнир басталды
ашық дереккөзі
Жаңаөзен қаласында бокс ардагерлері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушылары Жүгініс Жарылқапов пен Ақылбек Теміровті еске алуға арналған жасөспірімдер арасында бокстан турнир басталды деп хабарлады turkystan.kz. Шара «Баршаға мүмкіндік» қоғамдық қорының бастамасымен, Жаңаөзен қаласы кәсіпкерлер қауымдастығы, спорт мекемелері мен жаттықтырушылар бірлестігі, қала әкімдігі қолдауымен, «Көркем Әлем» компаниясының ұйымдастыруымен өтіп жатыр.  width= Додада барлығы 22 түрлі салмақ дәрежесі бойынша 140 спортшы бақ сынауда. Олардың қатарында облыстың қала, аудан, елді-мекендерден келген спортшылар бар. Боксшылар турнирі 4 күнге созылмақ. 6 қараша күні ақтық сын өтіп, жеңімпаздар анықталады. Жеңімпаздарға ұйымдастырушылар атынан бағалы сыйлықтар мен медальдар, алғыс хаттар табыс етіледі.  width=