Промоутер «Канелоның» кімнен қорқатынын айтты

Промоутер «Канелоның» кімнен қорқатынын айтты

Промоутер «Канелоның» кімнен қорқатынын айтты
ашық дереккөзі
Golden Boy промоутерлік компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя екінші орта салмақтағы әлемнің абсолют чемпионы Сауль «Канело» Альварес отандасы Хильберто Рамирестен сескенетінін айтты деп хабарлады turkystan.kz vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
«Зурдо» (Рамирестің лақап аты, солақай дегенді білдіреді) Биволды жеңсе, ол «Канелоны» айқасқа шақыратыны анық. Ал Альварес өз кезегінде мексикалықтармен айқаспаймын деген сылтаумен жекпе-жектен қашады. Боксшылардың айналып өткісі келетін қарсыластары болады. Міне, Сауль де Рамиреспен жекпе-жекті қаламайды», - дейді «Канелоның» бұрынғы промоутері.
Мұның алдында Сауль Альварес мексикалық болғандықтан, Давид Бенавидес пен Рамиреспен де айқасқысы келмейтінін айтқан болатын. Ал Дмитрий Бивол мен Рамирес жекпе-жегі 5 қараша Абу-Дабиде өтеді.