Жаңалықтар

«Америкада аң аулауға шығамын»: қазақстандық боксшы күтпеген мәлімдеме жасады

ашық дереккөзі

«Америкада аң аулауға шығамын»: қазақстандық боксшы күтпеген мәлімдеме жасады

Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (16-0, 11КО) мен WBA-дің екінші орта салмақтағы «қарапайым» чемпионы – кубалық Давид Моррел (7-0, 6КО) көз арбасу рәсімін өткізіп, журналистерге арналған баспасөз мәслихатына қатысты деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. «Қарсыластар 6 қараша күні таңертең (Қазақстан уақытымен) Лас-Вегаста өтетін жекпе-жек алдында ресми баспасөз мәслихатында бетпе-бет кездесті. Айқас кубалық боксшыға тиесілі WBA Super нұсқасы бойынша «тұрақты» әлем чемпионы титулы үшін өтеді», - делінген хабарламада. Айдос Ербосынұлы баспасөз мәслихатында сұраққа қазақ тілінде жауап берді. «Қазір Қазақстанда аң аулау маусымы жүріп жатыр. Ауылда кішігірім аңшымын. Қазір Америкада жүрмін және осы сенбі аң аулауға шығатын боламын. Жекпе-жекті тамашалаңыздар!» - деді ол. «Мен пояс үшін келдім!» деп жазды қазақстандық спортшы Instagram-дағы жеке парақшасында. Айта кетейік, Ербосынұлы – Моррел жекпе-жегін қазақстандықтар тікелей эфирден көре алады. Басталуы – 6 қараша, таңертеңгі сағат 08.00.