Жаңалықтар

17 адамды атып өлтірген қылмыскерге сот үкімі шықты

ашық дереккөзі

17 адамды атып өлтірген қылмыскерге сот үкімі шықты

АҚШ мектептерінің бірінде атыс ашқан 24 жастағы Николас Круз өмір бойы бас бостандығынан айырылды деп хабарлады turkystan.kz. Сот үкімі бойынша қылмыскердің мерзімінен бұрын босатылу құқығы жоқ. Бұған дейін оны өлім жазасына кесу мәселесі қарастырылған еді. Қанды оқиғада мерт болғандар мен зардап шеккендердің ата-анасы соттың шешімімен келіспей отыр. 17 адамның өмірін қиған қылмыстық оқиға 2018 жылы Паркленд қаласында болды. Қаруланған қаскөй мектепке баса көктеп кіріп мұғалімдер мен оқушыларға оқ жаудырған. Қылмыскер кінәсін мойындады. Ал соттың бұл істі қарауы биыл ғана басталды. Мамандар Круздың психикалық ауытқуы бар екенін айтады. «Өлім жазасына кесілу үшін бұдан асқан зұлымдық керек пе? Психикалық ауытқуы бар деп қылмыскердің өмірін сақтап қалуға болмайды. Адам өлтіру әрекетіне барған кез келген адамда жүйке жүйесінің ауытқуы болады деп есептеймін», - дейді Анника Дворет атыста мерт болған баланың анасы.