Қазақстан шахматшылары Азия чемпионатында қос жүлде еншіледі

3 қараша, 2022 / Өтей Торғайұлы
ашық дереккөзі
Қазақстан шахматшылары Азия чемпионатында қос жүлде еншіледі Азия чемпионатында Қазақстан шахматшылары алтын және күміс медаль алды деп хабарлады turkystan.kz ҚР шахмат федерациясына сілтеме жасап. 25 қазан – 4 қараша аралығында Үндістанның Дели қаласында Құрлықтық Азия чемпионаты өтіп жатыр. Ринат Жұмабаев шапшаң ойында Азия чемпионы болды. «Күміс» Арыстанбек Оразаевқа бұйырды. Әйелдер турнирінде қазақстандық шахматшы Ксения Балабаева блицте 7-орын алып, үздік ондыққа енді. Ал басты турнир – классикалық шахматта үздік бестікке қазақстандық Лия Құрманғалиева енді. Еске салайық, Италияда өткен Әлем чемпионатында (20 жасқа дейінгілер) Лия чемпион Говхар Бейдуллаеваны жеңіп, 6-орын алған болатын.