Жаңалықтар

Алматыда салмағы 5 келіден асатын сәби дүниеге келді

ашық дереккөзі

Алматыда салмағы 5 келіден асатын сәби дүниеге келді

Алматы қаласында салмағы 5 келіден асатын қыз бала дүниеге келді деп хабарлады turkystan.kz. Нәресте №4 қалалық перзентханасында өмірге келді. Салмағы 5 кг 100 грамм нәрестені дәрігерлер кесарь тілігі арқылы босандырып алуы керек еді. «Әйелдің қағанақ суы көп болды, мұндай жағдайда өзі босанғанда ана мен бала үшін белгілі бір қауіп болады. Қағанақ суының көптігі кезінде асқыну болса, кіндік түсуі мүмкін. Ал бұл өз кезегінде шұғыл түрде кесарь тілігі арқылы босандыруға әкеледі. Ультрадыбыстық зерттеу кезінде іштегі нәрестенің салмағы 4600-4800 болады деп болжанған. Кенет толғақ қысып, қарашаның бірінде таңғы сағат 5:30-да табиғи жолмен дүниеге қыз бала келді», - дейді Алматы №4 перзентханасының акушер-гинекологы Айнұр Иманқұлова. Қазір Наталья үйге шығуға дайындалып жатыр. Қызына Дарья деген есім берді. Бұл - Натальяның отбасындағы төртінші бала. «38 жастамын, үлкен қызым 11-де, ұлым 9 жаста, содан кейін 2,7 жасар тағы бір ұлым бар, міне, Дарья деген қызым дүниеге келді. Дарья - сыйлық деген сөзден шыққан. Құдай бізге төрт бала сыйлады. Менің үлкен қызым да ірі салмақпен дүниеге келді – 4,1 келі. Даша да солай. Қызымды дүниеге әкелуге көмектескен дәрігерлерге рахмет», – дейді алматылық көпбалалы ана. Дәрігерлердің айтуынша, іштегі нәрестенің үлкен болуы қазір сирек кездесетін жағдай емес. №4 перзентханада жыл басынан бері салмағы 4 келіден асатын 621 сәби дүниеге келген. Ал салмағы 5 келіден асатын 10 бала туды. «Іште ірі нәрестенің даму себептері: жүкті әйелде қант диабетінің болуы, гемолитикалық ауру - бұл ауру бала мен оның анасы арасында резус қайшылығы орын алғанда болады. Сонымен қатар, тұқымқуалаушылық та бар»,- дейді дәрігер.