Жаңалықтар

Технодом мен Sulpak дүкендеріне 1,8 млн теңге айыппұл салынды

ашық дереккөзі

Технодом мен Sulpak дүкендеріне 1,8 млн теңге айыппұл салынды

Сәйкестікті бағалау туралы құжатсыз тұрмыстық электр аспаптарын сатқан ірі дүкендерге 1,8 млн теңге айыппұл салынды деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі техникалық реттеу және метрология комитеті мәлімдеді. «Сәйкестікті бағалау туралы құжаттарсыз тұрмыстық электр аспаптарын сату фактісі бойынша 600 АЕК (1 837 800 теңге) мөлшерінде айыппұл салынған ірі сатушылар («Технодом» және Sulpak) жауапқа тартылды, кемшіліктерді жою туралы нұсқама берілді», - деп жазылған техникалық реттеу және метрология комитетінің баяндамасында. Комитеттің бұйрығымен Қазақстан аумағында заңсыз ресімделген 57 сәйкестік декларациясының және 63 сәйкестік сертификатының күші жойылды.