Елордада оқушыларға арналған «Көшбасшы-2022» құрылтайы өтеді

Елордада оқушыларға арналған «Көшбасшы-2022» құрылтайы өтеді

Елордада оқушыларға арналған «Көшбасшы-2022» құрылтайы өтеді
ашық дереккөзі
Білімді ұрпақ - келешектің кепілі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «2022 жыл - балалар жылы» деп жариялағаны баршамызға мəлім. Бүгінгі жастар - егеменді елдің ертеңгі үміті, ата-бабамыз сан жылдар армандаған тəуелсіздігімізді көзінің қарашығындай сақтайтын ұрпақ жалғасы екені даусыз. 4-5 қараша күндері Астана қаласында «Білім-инновация» жəне «Білім орда» Халықаралық қоғамдық қорларына қарасты өзін-өзі басқару ұйымдарының жетекшілері арасында «Көшбасшы-2022» құрылтайы өтеді. Оған Қазақстанның əр аймағындағы «Білім-инновация» лицейлерінің мектеп президенттерінен (өзін-өзі басқару ұйымдарының жетекшілері) құрылған оқушылар қатысады. Аталмыш іс-шара дəстүрлі түрде жылына бір рет өткізіліп тұрады. Екі күндік құрылтай аясында қатысушылар өзара пікір алмасып, іс-тəжірбие арқылы көшбасшылық қабілеттерін ұштайды. Аталмыш шараға Аймағамбетов Асхат Қанатұлы - ҚР Оқу-ағарту министрі, Саясат Нұрбек - ҚР Ғылым жəне жоғары білім министрі келеді деп күтілуде. Бағдарлама бойынша оқушылар үшін бірқатар экскурсия жүргізу жоспарланып отыр. Атап айтқанда, ел болашағы үшін маңызды шешімдер шығарылып, келелі саяси һəм ел мүддесі үшін түйткілді мəселелер талқыланатын ҚР Парламентінің жұмысымен танысып, бірқатар депутаттың қабылдауында болады. «Нурорда жəне Spectrum» халықаралық мектептерін аралап көру сияқты таным көкжиегін арттыратын шараларды жүзеге асыру көзделіп отыр. Ал құрылтайға келген əр қатысушы оқушы презентация əзірлеуі тиіс. Сонымен қатар «Білім Инновация» ХҚҚ ұйымдастырушылары мектеп лидерлеріне арнайы Робин Шарм «Лидер без титула» кітабыннан викторина өткізеді. Үздік шыққанға құнды сыйлық беріледі.