Швейцария тұрғыны Эстер Ульман: Қазақтілді ортаның энергиясы басқаша

Швейцария тұрғыны Эстер Ульман: Қазақтілді ортаның энергиясы басқаша

Швейцария тұрғыны Эстер Ульман: Қазақтілді ортаның энергиясы басқаша
ашық дереккөзі
Швейцария тұрғыны Эстер Уль­ман­ның TikTok-та қазақша емін-еркін сөйлегеніне тәнті болған желі қолдану­шы­лары әлі күнге дейін оған жылы лебізін біл­діріп, алғысты қарша боратып жатыр. Ди­маш Құдайбергеннің Алматыда өткен кон­цертінен кейін шашының түсімен көзге түс­кен Эстер бұл жолы да назардан тыс қал­ма­ды. «Алпыс бестен асқан соң тіл үйрену қиын, бірақ соңғы бір аптада менің құл­шы­нысым еселене түсті» дейді. Ел астанасы Берн­де тұрса да, біздің мәдениет десе жүрегі бас­қаша соғатын Эстерге хабарласып, қа­зақ­ша-ағылшынша сұхбаттасқан едік. – Димаш Құдайбергеннің өнерін жо­­ғары бағалайтын шетелдік тың­дар­ман­ның көбі «Мен «Қазақстан» атты жаңа әлемді аштым» деп таңғалысын жа­сырмай, әлеуметтік желідегі парақ­ша­ларында ашық жазып жатады. Тіпті, кей­бірінің қазақша тіл сындырып, біз­дің мәдениетке ерекше қызығушылық та­нытып жүргеніне тәнті болдық. Осын­дай энтузиаст жанкүйерлердің қа­тарына қай уақытта қосылдыңыз? – Димаштың шығармашылығымен America's Got Talent байқауына қатысқанда та­ныстым. Кейін бірнеше әнін тыңдап, көп де­рек оқыған соң оның нағыз жанкүйеріне ай­налдым. Оның дауыс диапазоны, әнді же­тер жеріне жеткізіп орындауы, ән шырқаған ке­зінде эмоцияны жеткізе білуі, жалпы айт­қанда кәсіби шеберлігіне ешкім күмән кел­тіре алмасы анық. Мен үшін ең маңызды ас­­пект – оның бәрінен биік қоятын құн­ды­лық­тары, өз еліне, мәдениетіне, сондай-ақ ата-әжесі мен ата-анасына деген құрметі. Со­­сын бейбітшілікті күшейтуге бағытталған әре­кеттері, әлем азаматы болуға талпы­на­ты­ны да таңғалдырмай қоймайды. Өзі жеке па­­рақшасында жазғандай, біз бәріміз – бір планетаның перзентіміз, бір аспан астында өмір сүріп жатырмыз. Бірлігіміз ажырамай, бір-бірімізді құрметтеп, бір-бірімізге жылы ле­біздер айтып жүрсек, өшпенділік оты тұ­танбайды. Бұл – қазір Димаш жолдаған ең маңызды месседж. Қазіргідей егес тынбай, ел тын­шымай тұрған заманда біз үшін бей­біт­ші­лікке үндеуден артық қандай месседж бар?! Димаштың бір ай бұрын шыққан The story of one sky атты әнінде бұл месседж кере­мет сипатталған. Жалпы, мен Димаштың тың­дарман назарына ұсынған әрбір жаңа әнін өте-мөте ұнатамын. Екінші жаңа әні шық­қанша алдыңғысын үзбей тыңдаймын. Жә­не де мен белгілі композитор Игорь Кру­тойдың шығармашылығына қатты қы­зы­ға­мын. Сондықтан Димаштың орындауындағы оның әндерін сүйіп тыңдаймын. Дегенмен соң­ғы шығарған әнінің терең мағынасына әрі аз сөзге сыйғызған даналық пайымына әлі таңғалып жүрмін. Бұл әнді тыңдамайтын күн туа ма, тумай ма, білмеймін. Өте әсерлі туын­ды.  width=– Димаштың Польшадағы фан-клу­бының жетекшісі Тереза Какол қазақ ті­лін Димаштың орындауындағы қазақ­ша әндердің мағынасын түсіну мақ­са­тында емес, музыка арқылы біздің тілге ға­шық болғаннан үйреніп жүргенін ай­тып еді. Видеодан байқағанымыздай, қа­зақша сөйлемдерді арнайы дәптерге жа­зып, қайталап жүргеніңізге қара­ған­да қазақ тілі сізді де «баурап» алған се­кілді? – Дәл солай. Жалпы, қазақ тілін үйренуге де­ген құлшынысымның пайда болуына бір­неше фактор әсер етті. Аргентинаның Ро­са­рио қаласында тұратын, қазақ тілінен сабақ бере­тін Ирина Вагнер есімді мұғаліммен та­ныстым. Ирина тек мұғалім ғана емес, сондай-ақ, Росарио қаласындағы Қазақ­стан­ның мәдени орталығының директоры. Қа­зақстанда туған, онда 21 жасына дейін тұр­ған ол туған елінен жырақта жүрсе де, қа­зақ тілін ұмыт қалдырмай, үйренемін деу­шілерге бар жанын салып, сабақ беріп жүр. Әрі ол қазақ мәдениеті туралы бар білгенін ор­таға салып, айналасына айтып жүреді. Та­ғы бір фактор – мен Димашты қоршаған жа­қындарының, туыстарының сұхбаттарын бір­неше рет тыңдадым. Сол кезде Димаштың ата-әжесінің қолында өскеніне, зерттей келе, қа­зақтарда тұңғыш баласын үлкендердің бауы­рына салып беру дәстүрі бар екеніне на­зарым ауды. Қазақстанға барғанда бай­қа­ғаным, қазір бұл дәстүрді ешкім ұстанбайтын се­кілді. Бәлкім, кейбір өңірлерде әлі де бар шы­ғар. Дей тұрғанмен, бұл – бала тәр­бие­леу­дің өте қызық аспектісі. Мүмкін, кейбір адамдар бұдан кемшін тұс табатын шығар, бір­ақ мен ешкімді сөкпеймін. Мен әртүрлі елдің мәдениетін зерттегенде оларды сынап-мі­неуді емес, олар туралы кеңінен білуді, ха­бардар болуды алдыма мақсат етіп қоя­мын. Ал қазақ тілін оқудағы үлгерімім туралы айтатын болсам, мен оны үйреніп жүр­геніме бір жылдан астам уақыт болды. Бір­ақ прогресс анау айтқандай емес, баяу жү­ріп жатыр. Мұның себебін сұрасаңыз, мен жас емеспін. 65-те­мін. 18 жасқа қарағанда 65 жаста жаңа нәр­се үйрену қиын­­ға соғатыны айт­паса да тү­сі­нік­ті. Біздің миымыз жаңа тілді үйрену­ге «көне» бермейді. Солай құрылым­дал­ған. Оған қоса, ки­рил­лица қарпін үйрену біраз уақы­тымды алды. Бірақ қазір мен ол қаріпті танитын деңгейге жеттім. Де­генмен оңайға түспеді. Мұны бірін­ші кедергі деп есептейік. Тағы бір кедергі, мен бірнеше латын ті­лін жетік білемін. Олардың арасында ұқ­састық көп. Таныс сөздер бар, өз тіліңе ау­дарудың қажеті де жоқ. Ал қазақ тілінде еш­қандай «таныс» сөз таба алмадым. Бәрі басқаша. Әр сөзді жаттап, мағынасын зерттеуім қажет. Ештеңемен байланыстыра ал­маймын. Дыбыстап айтқанда да маған таныс сөз ретінде естілмейді. Бұл да кәдім­гідей кедергі тудырды. Бәлкім, екі түрлі тіл­дер тобына жататын болғандықтан ұқсастық таппаған болармын.  width=– Бірақ TikTok-та таралған видеода емін-еркін сөйлеп тұрғаныңызды бай­қа­дық. Әсіресе, төл дыбыстарымызды еш қиындықсыз айтып тұрсыз. – Димаштың биыл қыркүйек айының соңын­да Алматыда Stranger деген атпен өт­кен концертіне барамын деп шешкен кезде Иринаға қазақтармен байланыс орнатуға кө­мектесетін сөйлемдерді үйрету туралы өті­ніш айттым. Сосын онымен бірге үйрен­ген сөйлемдерді жаттап, қайталап жүрдім. Қа­­­зақстанға барғанда үн-түнсіз жүрмей, жер­гілікті тұрғындармен араласып, жақын­дас­қым келді. Содан көп сөз есімде қалып қой­ды. Бірақ менің ана тілімде де сіздер­де­гі­дей «қ», «ғ», «ө» дыбыстары бар. Біз де бұл ды­­быспен таныспыз (күліп). Оп-оңай ды­быс­таймыз. Ал бірақ менімен бір сыныпта оқы­ған испандыққа бұл әріптерді дыбыстау оңай болмағаны есімде, себебі оларда мұн­дай дыбыстар жоқ. Белгілі болғандай, қазақ ті­лін үйренуде бұл менің басымдығым бол­ды. Қазақ тілін толық үйренгім келеді. Қанша қиын болса да, ол тіл маған ұнайды. Қазір са­бақ­ты жалғастырудамын. Әсіресе, TikTok-та кеңінен таралған әлгі видеодан кейін құл­шынысым еселеніп, өз-өзіме деген сені­мім арта түсті. Ондағы әрі Instagram желі­сін­дегі қазақ достарым «Сіздің қазақ тілін үй­ренгеніңізді қалаймыз», «Біз сізге көмек­тесе­міз» деп жазып, бір желпіндіріп тастады. Ра­сымен, соңғы аптада тіл үйренуге деген құл­шынысым күрт артты.  width=– Қазақстанға жасаған сая­ха­тыңыз­дан алған әсеріңіз қандай? – Өте керемет! Әсіресе, Қазақстан тұр­ғын­дары мені қатты таңғалдырды. Мейірім­ді, жылы шырайлы, бейтаныс болсам да, ме­нен көмегін аямайтын адамдарды көп жо­­лықтырдым. Хал-ахуалымды сұрап, кез кел­ген мәселемді шешіп беруге дайын тұра­тынына таң-тамаша болдым. «Бөтенсің» деп жатқан ешкім жоқ, әркім менімен әңгіме-дү­кен құруға асықты. Әрбірі «Біздің ел ұнап жа­тыр ма?», «Біздің тағамдар ұнады ма?» деп сұрап, асты-үстіме түсіп, асқан қонақжайлық танытты. Қазақстанға жасаған саяхатымның алғашқы екі аптасын Алматыда өткіздім. Арбаттың қасындағы қонақүйге тоқтаған­дықтан, әр кеш сайын сол маңайда қыдыр­дым. Онда күніге жиналатын өнерпаз жас­тар­мен байланыс орнатып, олардың орын­даған композицияларын ерекше ықыласпен тыңдап, уақытты керемет өткіздім. Кей тұста олардың менен сәл ұялғанын байқадым. Жас­тар менімен ағылшынша сөйлескенде қате жібергеніне үнемі кешірім сұрай береді. Бірақ мен де қазақшаға судай емеспін. Қате жіберемін. Одан ұялудың қажеті жоқ. Бір-бірі­мізді түсінуіміз үшін мүмкін болған бар­лық әдісті қолдануымыз керек. Одан бө­лек, Көлсай, Қайыңды, Шарын, Көктөбе, Ме­деу, Шымбұлақ секілді туристер көп қы­зығатын әсем жерлерге табаным тиді. Он­дағы тұмса табиғатты, сөзбен сипаттай ал­май­тын пейзажды көргеннен керемет әсер ал­дым. Мен қыдырған күні ауа райы да ке­ре­­­мет болды. Бәрі, бәрі, ке-ре-мет болды. Ма­­ған бұдан артық ғаламат көріністің қа­же­ті де жоқ. Астанада да көп нәрсе тама­ша­ла­­­дым. Конгресс-холлда қобызшы, Димаш­тың ән кештерінде сүйемелдеп отыратын Олжас Құрманбектің концертіне шақырыл­дым. Бұл кештен де үлкен әсер алдым. Гер­ма­нияда тұратын бір қазақ досым Аста­на­да­ғы жақын досымен байланыстырып, ол мені Назарбаев университетіне ертіп барды. Онда студенттер оркестрі ұйымдастырған арнайы кон­церттің көрермені болып қайттым. Ол кеш­­тен алған әсерім тіпті бөлек. Барлық туын­­ды қазақ тілінде орындалды. Зал­да­ғы­лардың барлығы қазақша сөйледі. Ал сен отырған кеңістікте әрбір екінші адам қа­зақ­ша сөйлесе ондағы энергия да басқаша бола­ды екен. Мен сондай керемет әсерге бөлендім, өзімді сондай бақытты адам сезіндім. Дәл осын­дай ортада болғаныма қатты қуандым. Со­дан соң мен туралы естіп-білген студент­тер мені ортаға алып, қызықтырған сұрақ­та­рын қойды. Өте әсерлі кеш болды. Жалпы, Қазақстанда дәл осындай қуанышты сәттерді бастан кешіргеніме қуанамын.  width=– Тұра тұрыңызшы...Суретіңізге қа­рап, енді есіме түсіп отыр. Димаштың Ал­матыда өткен концертінің ертесінде біз­дің журналистер шетелдік бір жан­күйер шашын біздің Тудың түсі секілді көк түске бояп келгені туралы жарыса жаз­ған еді. Сол сіз емес пе? – Дәл өзімін (күлді). Арнайы сол кон­церт­ке шашымды көк түске бояп бардым. Оған қоса, басыма тағып алған сәндік аксес­суар­да Dimash деген жазу да көк түс болып жа­нады. Оның жарығы менің шашыма түс­кенде Қазақстан Туының түсімен үйлесім та­бады (күлді). Сол видеодан байқасаңыз, қазақ­ша стильдегі сырға тағып алғаным бар. Оны Алматыдан сатып алған едім.  width=– Әлеуметтік желідегі парақшаңызда бұл саяхаттан тек жағымды әсер емес, со­нымен қатар бағалы сыйлық алып қайтқаныңызды жазған едіңіз. – Иә. Димаштың Дубайда өткен кон­цер­тінде Астанада тұратын керемет бір отба­сы­мен таныстым. Олар мен Астанаға барғанда ерек­ше сыйлық – сирек кездесетін ағаштан істе­лінген құнды қораптың ішіндегі таза ал­тыннан жасалған 10 мың теңгенің банкно­тын тарту етті. Мұндай бағалы затты маған қалай сыйлауға болады? Мен ол отбасының маған жасаған сый-сияпатының бағасын ешқашан қайтара алмаймын. Бұл сыйлық туралы айтқан сайын көзіме жас келеді. Мен үшін бұл сыйлықтың маңызы мен бағасын сөзбен айтып жеткізе алмаймын. – Бізде «Сыйлағанның құлы бол» де­ген аталы сөз бар. Сіздің сонау Швей­ца­рияда тұрып, біздің тілімізді, мәде­ние­тімізді насихаттап жүргеніңізді ба­ға­лап, ерекше құрмет көрсеткісі келген шығар, бәлкім... – Бәлкім, солай. «Сыйлағанның құлы бол» дейсіз бе?! Мағынасы керемет екен. Мә­дениет демекші, осы ретте бір күлкілі әңгіме айта отырайын. Қазақстанда Сәуле және Да­на есімді апалы-сіңлілі достарым бар. Бір­де олармен тамақтануға кафеге бардық. Та­мақ дайын болғанша шай демдеп әкелді. Со­сын апалы-сіңлілінің біреуі маған үлкен ке­сені толтырмай, шай құйып берді. Байқап қара­сам, ол бәріне шайды аз-аздан құйып отыр екен. Үстелде тұрған шәугім үлкен, бір­ақ оның неліктен шайды аз құйып отыр­ғанын түсінбей, дал болдым. Сосын «Кешір. Айыпқа бұйыра көрме, бірақ неліктен кесеге шайды аз құятыныңды түсінгім келеді» деп шыдамай сұрадым. Ол үйге келген қонақ ыс­тық шай ішу керек, шайы суып қалмауы қа­жет екенін, қазақтар арасында бұл да бір құр­мет екенін айтып түсіндірді. Ал мұны ме­нің елімдегілер қалай түсінетінін айтып, бір күліп алдық. Себебі Швейцарияда шайды осылай жартылай құятын болсаңыз, біз мұны «Саған толтырып құйып беретіндей мен­де шай жеткіліксіз. Мен сенің кесеңді толтыра алмаймын» деп түсінер едік. Сол сәт­те басқа елдің мәдениетін түсіну қандай қиын екенін, бірақ сөйте тұра ол туралы ай­тып жүру қандай маңызды екенін жете түсіндім. Айтпақшы, Қазақстан кафелерінде шай ғана емес, қымызды да тегін беретініне таңғалдым.  width=– Біз сізді күні кеше танысақ та, Швей­­царияда тұратын қандастар сізді ерек­ше құрметтейді екен. Кеше парақ­шаңыз­да сізді «Швейцариядағы қазақ мә­де­ниетінің амбассадоры» деп атаға­нын көзім шалды. – Олай атауға лайықпын ба, білмеймін. Оны уақыт көрсетер. Өткен аптада осында Тәуел­сіздік күнін атап өтуге арналған кере­мет кешке бірінші рет шақырылдым. Осын­дағы қазақтар қауымдастығының мүше­лері­мен шүйіркелесіп, елшіліктегілермен етене та­ныстым. Би билеп, ұлттық тағамдардан дәм таттық. Бұл кешке шақырылғандар бір-бірімен кітап алмасатын болып келісіпті. Ал мен ол туралы білмегендіктен ешқандай кітап әкелмедім. Есесіне, олардан Абайдың менің ана тіліме аударылған кітабын сұрап алдым. Айтпақшы, Алматыдан Астанаға қа­тынайтын ұшақта танымал жазушы Дулат Исабековтің қасына отырып бардым. Оған дейін оны танымасам да оның жазушы еке­нін бірден түсіндім, сосын қасымдағылар ол кісіге аздап аударып беруге тырысып-бақты. Екеуіміз көсіліп сөйлесе алмадық, бірақ кейде түсінісу үшін сөздің керегі жоқ екенін сіз бен біз жақсы білеміз. Десек те, ол баспа­дан жаңа шыққан «Дулат Исабековтің анек­доттары» деген кітабын сыйға тартты. – Сөз соңында отбасыңыз туралы бірер сөз айта кетсеңіз. – Қазақша айтайын ба? – Қалауыңыз білсін! – Жақсы, сізбен қазақшамды жетіл­діре түсейін. Менің шағын отбасым бар: бір қызым және бір немерем бар. Егде жастағы анам тағы бар. Біз – мықты әрі тәуел­сіз әйелдердің төрт ұрпағымыз. Қазір біз Швейцария астанасы – Берн қа­ласында тұрамыз. – Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Әлия ТІЛЕУЖАНҚЫЗЫ