Жаңалықтар

Жетісу облысында Тоқаев бағдарламасындағы аграрлық сектор басымдықтары талқыланды

ашық дереккөзі

Жетісу облысында Тоқаев бағдарламасындағы аграрлық сектор басымдықтары талқыланды

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Жетісу облысының тұрғындарымен бірқатар кездесулер өткізді. Мәселен, шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесуде РҚШ мүшелері кандидаттың тарихи мұраны сақтау, мәдениетті қолдау және отандық өнерді дамыту бойынша ұсынған шараларын талқылады. «Қоғамдық келісімді нығайту, жастарға дұрыс тәрбие беру және өскелең ұрпақтың бойына жасампаз құндылықтарды сіңіру ісінде зиялы қауым өкілдері айрықша рөл атқарады. Сіздердің жастармен әңгімелесіп, оларды белсенді болуға, 20 қарашада сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасауға шақырғандарыңыз маңызды», – деп атап өтті Республикалық қоғамдық штабтың басшысы Ерлан Қошанов. Жергілікті кәсіпкерлермен және шаруалармен кездесуде кандидаттың сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқан шағын және орта бизнесті қолдау шаралары талқыланды. Ерлан Қошанов жастарға Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлау науқанына белсенді қатысқандары үшін алғысын білдіріп, олар ел болашағының дамуына өз үлесін қосып жатқан нағыз патриоттар екенін атап өтті.