Жаңалықтар

Аққудың қырылуына не себеп?

ашық дереккөзі

Аққудың қырылуына не себеп?

Ақтауда аққулар қырылып жатыр. Бұл туралы "Астана" телеарнасы хабарлады. Каспий жағасында бірнеше құстың өлексесі табылды. Бұл осы қыста болған екінші жағдай болып отыр. Әзірге олардың неден өлгені анықталған жоқ. Экологтардың айтуынша, бір қыста әдетте 1-2 аққу өледі, ал 5 бірдей аққудың өлімі жаппай өлім болып есептеледі. Мамандар бірнеше нұсқасын айтып отыр. «Эко Маңғыстау» ҮЕҰ директоры Кирилл Осин: Бұл құс тұмауы сияқты инфекциялық ауру болуы мүмкін. Бізде бірнеше жыл бұрын мұндай жаппай өлім болған. Ресейде жүздеген құс қырылды. Себебін анықтау үшін сараптама жүргізіп, өлекселерді зерттеу керек" дейді. Алайда, мұндай жағдай бұрын да орын алған болатын. Бірақ бір-екілеп өлген аққуға ешкім мән бермеген-ді. Ал 5 аққудың өлімі мамандарды алаңдатып отыр.