Жаңалықтар

Ақтөбе - Астрахань автожолында бір адам қаза тапты

ашық дереккөзі

Ақтөбе - Астрахань автожолында бір адам қаза тапты

Қайғылы оқиға 1 қараша күні Ақтөбе облысында болған деп хабарлады turkystan.kz. «Mitsubishi Montero Sport автокөлігінің 58 жастағы жүргізушісі Қарауылкелді ауылынан Ақтөбе қаласына қарай келе жатып, Байғанин ауданы Кенжалы ауылының тұсында Ақтөбе - Астрахань автожолының жиегінде тұрған DAF жүк көлігіне соқтығысқан», - деп жазылған хабарламада. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Mitsubishi Montero Sport автокөлігінің жүргізушісі Темір ауданының орталық ауруханасына жатқызылды, ал 56 жастағы жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.