Сәкен Бибосынов бокстан Азия чемпионатын жеңіспен бастады

2 қараша, 2022 / Өтей Торғайұлы
ашық дереккөзі
Сәкен Бибосынов бокстан Азия чемпионатын жеңіспен бастады Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатын жеңіспен бастады деп хабарлады turkystan.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап. 51 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Бибосынов үндістандық Кумар Спаршпен кездесті. Жекпе-жек 4:1 есебімен қазақстандықтың пайдасына аяқталды. Еске салайық, қазақстандық өз салмағында басты фаворит.