Үндістанда діни мереке кезінде 53 адам қаза тапты

Үндістанда діни мереке кезінде 53 адам қаза тапты

Үндістанда діни мереке кезінде 53 адам қаза тапты
ашық дереккөзі

Үндістанның Бихар штатында қазанның 28-31 аралығында өткен Чхат Пуджа фестивалін тойлау кезінде 53 адам суға батып кетті деп хабарлады turkystan.kz. Чхат Пуджа - үнділердің жыл сайынғы күнге арналған дәстүрлі фестивалі. Ол әдетте қазан айының аяғында немесе қарашаның басында өтеді және төрт күнге созылады. Мерекелер кезінде діндарлар суға гүлдер мен түрлі құрбандықтарды лақтырып, өзенге шомылып, дұға етеді. Бихардың бас министрі Нитиш Кумар жергілікті билік құрбандардың әрқайсысының отбасына 400 000 рупий (шамамен 4 833 доллар) өтемақы беретінін айтты.