Әулиекөлдегі ауласын су басқан үйлерге қатысты әкім пікір білдірді

Әулиекөлдегі ауласын су басқан үйлерге қатысты әкім пікір білдірді

Әулиекөлдегі ауласын су басқан үйлерге қатысты әкім пікір білдірді
ашық дереккөзі
Қостанай облысы Әулиекөл ауданында өрттен кейін салынған 91 үйдің 12-сінің кәріз жүйесі толып, ауласын су басқан. Қазір ол жерлер түгел құрғатылды. Бұл туралы аудан әкімі Ерлан Теменов мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Бірлік» шағынауданындағы пайдалануға берілген 91 үйдің он екісінің ауласын су басты. Ол баспаналардың іргетастары барлық талапқа сай, арнайы стандарттармен жасалған. Сондықтан, бірде-бір үйдің ішіне су кірген жоқ. Су алып кеткен аймақтарда 6 арнайы техника жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар, бұл жұмыстарға 25 адам жұмылдырылды. Қазір барлық аулалар жиналған судан тазартылды деп айта аламын», - деп мәлім етті аудан әкімі Ерлан Теменов.