№5 жатақхана журфакқа қайта берілді
№5 жатақхана журфакқа қайта берілді
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 356 орындық №5 жатақханасы күрделі жөндеуден өтіп, журналистика факультетінің студенттеріне салтанатты түрде қайта берілді. Осыған орай, оқу орнында БАҚ өкілдеріне арналған арнайы баспасөз туры ұйымдастырылды деп хабарлады turkystan.kz.
Бес қабатты жаңарған ғимараттың ашылуына университет басшылығы, зиялы қауым өкілдері, ҚазҰУ түлектері, оқытушы-профессорлар құрамы мен журналистика факультетінің студенттері, БАҚ өкілдері қатысты.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің Басқарма төрағасы – ректоры Жансейіт Түймебаев студенттерді жаңа қоныстарымен құттықтады.
«№5 жатақхананың қолына қалам ұстаған қауым үшін өзіндік терең тарихы бар. ҚазҰУ-де оқыған есімі елге танымал журналистер осы студенттер үйінде тұрды. Бүгін сол дәстүр жалғасын тауып, журналистика факультетінде оқып жатқан білім алушы жастарға қолданысқа берілді.
Алдағы уақытта әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті құрылысының екінші кезеңінде қалашықта жаңа жатақханалар бой көтеретін болады», – деді ректор.