Бас прокуратура: Ең көп апат Алматыда

Бас прокуратура: Ең көп апат Алматыда

Бас прокуратура: Ең көп апат Алматыда
ашық дереккөзі
2016 жылы Қазақстанда жол апаттарынан 2 мыңнан астам адам қаза тапты, деп xабарлайды ҚазАқпарат. "Жалпы 2016 жылы еліміздің жолдарында 17 974 жол-көлік апаты орын алды, онда 25 779 адам зардап шегіп, 2 390 адам көз жұмды. Алдыңғы жылмен салыстырғанда, апат көлемі 5%-ға кеміген", - деп мәлім етті ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және әлеуметтік есеп комитеті.
Хабарлама бойынша, желтоқсан айында елде 1 669 апат орын алған, онда 2 428 адам зардап шегіп, 215-і қаза тапқан. Ең көп апат өткен айда Алматыда тіркелген - 431. Оңтүстік астананың ең қауіпті жол учаскесі ретінде Төле би - Өтеген батыр көшелерінің қиылысы танылып отыр. Онда бір айда 14 жол-көлік апаты тіркеліп, салдарынан 29 адам зардап шекті. Сонымен қатар, Ташкент даңғылы да қауіпті бөлік саналады. Онда 6 жол-көлік апаты орын алып, 6 адам жантәсілім еткен. Жолдағы өлім-жітім бойынша, Алматы облысы көш бастауда, өңірде 44 адам көз жұмды.