«Қазақ па, өзбек пе?»: Шавкат Рахмоновтың ұлты туралы видео тарап кетті (ВИДЕО)

«Қазақ па, өзбек пе?»: Шавкат Рахмоновтың ұлты туралы видео тарап кетті (ВИДЕО)

«Қазақ па, өзбек пе?»: Шавкат Рахмоновтың ұлты туралы видео тарап кетті (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Желіде Шавкат Рахмоновтың ұлты туралы айтылған видео тарап кетті деп хабарлады turkystan.kz tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 28 жастағы файтер Өзбекстанда туған, алайда оның спорттағы жетістіктері Қазақстанмен байланысты.
«Оның әкесі қазақ. Рахмонов әкесіне және Брюс Лиге ұқсайды», - дейді «Яккакураш олами» YouTube-арнасының авторлары.
Шавкаттың анасы туралы да ақпарат бар. «Бұл - Ташбува Атамурадова. Ол қоңырат, оның ішінде алпамыш. Ол өзбек эпосы Байсын-таудан тараған», - дейді олар.
«Шавкат өзбек тілінде оқыған. Латын әліпбиімен. Қазақстанға алғаш келген жылдары қиын болған, себебі ол орыс тілін білмеген еді», - дейді арна авторлары.
https://www.youtube.com/watch?v=9W1336i9YGQ