Абайлаңыз: қатерлі ісіктің алғашқы белгілерінің бірі – терінің сарғаюы

Абайлаңыз: қатерлі ісіктің алғашқы белгілерінің бірі – терінің сарғаюы

Абайлаңыз: қатерлі ісіктің алғашқы белгілерінің бірі – терінің сарғаюы
ашық дереккөзі
Онкологтардың айтатыны мынау: қатерлі ісік барынша ерте анықталса, оны емдеу де соншалықты оңай әрі тиімді болмақ. Алайда қатерлі ісіктің қауіптілігі де сол – алғашқы белгілері көбінде көрінбейді, өте күңгірт. Мұны қарапайым адамның сезе қоюы екіталай. Десе де, онкологтар қатерлі ісіктің алғашқы, жай белгілерін байқауға, табуға болады дейді. Ең алдымен мұндай белгі адамның денесінен басталады. Яғни, адам жоқ жерден, еш себепсіз арып, салмақ тастаса, бұл – қатерлі ісіктің белгісі болуы мүмкін. Дәрігерлердің айтуынша, бір айда дене салмағының 5%-ын «жоғалтудың» өзі қатерлі белгі боп саналады. Яғни, салмағы 70 келі болатын адам бір айда 3-3,5 келі арыса әрі оған белгілі бір себеп таба алмасаңыз, онкологияға қаралып көрген жөн. Адамның ару себебі – ағза онкологияның белгілерін байқаған кезде онымен күресіп, қажетті элементтерді «соғысқа» дайындайды. Сол кезде ағзада көп нәрсе жетіспей бастайды. Қатерлі ісіктің екінші белгісі – терінің өзгеруі. Терінің түсі де, түрі де өзгереді. Жара, пигмент, дақ пайда болуы мүмкін. Терінің түсі сарғаюы, қараюы мүмкін. Кейде тері құрғап, қабыршықтанады. Түлеп түседі. Дәрігерлердің айтуынша, жоғарыда айтылған белгілердің бірі қайталанса, онкологқа қаралған абзал.