Сенбі, 28 Қаңтар, 2023

Түсте ұйықтаған адам ешқашан қартаймай ма?

Күндізгі ұйқыға мән берген адамның санасы сергек болады. Мидың ойлауы мен когнитивті қызметі жақсарады. Ал санасы сергек адам қартаймайды. Осылай дейді күндізгі ұйқыны зерттеген қытай ғалымдары.

Ғалымдар түскі ұйқының адамға әсерін зерттеу үшін 2 мың адамға тәжірибе жасаған екен. Эксперимент барысында күндіз ұйықтаған адамның миы мен ойлауы күндіз ұйықтамаған адамдарға қарағанда жақсы жұмыс істейтіні анықталған.

Әрі ғалымдардың айтуынша, күндізгі ұйқы адамның иммунитетін жақсартып, аурудың қабынуына қарсы күш-қуат беретін көрінеді.

Осыдан ғалымдар түскі ұйқы адамның ойлауы мен миын, санасын сергек сезінуге септігін тигізіп, қартаюдың, дененің әл-қуаты кетуінің алдын алмақ деген қорытындыға келген.

Жалпы медицинада түскі ұйқының пайдалы екенін дәлелдеген зерттеулер көп. Мына бір зерттеуде адамның сағат 13.00 мен 15.00 аралығында маужырап ұйқысы келетіні – табиғи нәрсе. Ал денсаулыққа ең жақсысы – ағзаның қалауын орындау. «Түскі ұйқы ағзаға пайдалы болғандықтан, оған тәуелді» деседі.

Тағы бір зерттеуде күндізгі ұйқы, яғни, түскі ұйқының адамға артықшылық беретіні айтылады. Түсте жарты сағат болсын ұйқыға көңіл бөлген адамның когнитивті ойлауы мен есте сақтауы жақсарып, назар аудару мен қимыл-қозғалысы шапшаң болады, көңіл-күйі көтеріледі делінген.

Ал мына зерттеуде түсте ұйықтауды әдетке айналдырған адамның түстен кейінгі жұмысы өнімді болатыны айтылған. Ондай адамның, әсіресе, оқу-тоқуға деген қабілеті ашылады. Сондықтан мұндай адамдарға түстен кейін тіл үйрену, сабақ қарау мен басқа да ойлауға байланысты шаруаларды шешсе болады.

Түскі ұйқы адамға кофеин мен энергия беруші препараттарды ішумен бірдей қуат береді. Есесіне, кофеин мен препараттарға тәуелділік болмайды.

Ал түсте қанша уақыт ұйықтау дегенге келсек, 1-2 сағаттан аспауы тиіс. Дұрысы – 1 сағат.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button