Марат Шибұтов: Сирия келіссөздерінен таңқаларлық жайт күтудің қажеті жоқ

Марат Шибұтов: Сирия келіссөздерінен таңқаларлық жайт күтудің қажеті жоқ

Марат Шибұтов: Сирия келіссөздерінен таңқаларлық жайт күтудің қажеті жоқ
ашық дереккөзі
Қазақстанның танымал саясаттанушысы Марат Шибұтовтың пайымынша, Сирияға қатысты келіссөздер белгісіз мерзімге созылып кетуі мүмкін. Бұл жайында ол ҚазАқпарат тілшісіне мәлім етті.
Айта кетерлігі, Астанада Сирияға қатысты келіссөздердің өтуіне тура 10 күн қалып отыр. Бұған дейін келіссөздердің 23 қаңтарға белгіленгені хабарланған болатын. Дегенмен, Марат Шибұтовтың пайымынша, Сирия бойынша келіссөздер сыртқы ойыншылар санының көптігінен қиынға түспек.
«Қазіргі уақытта Сирияда тек үкіметке қарсы ірі топтардың өзінің оннан астамы бар. Бұған үкіметтің өзінің мүддесі мен кемінде ондаған сыртқы ойыншылардың мүддесі қосылады. Сондықтан да, шынына келгенде келіссөздер жүргізу өте қиын. Осыған орай Астана келіссөздерінен таңқаларлық жайт күтудің қажеті жоқ. Іс жүзінде бұл біз үшін келісссөздерге алаң ұсыну түріндегі арағайындық қызмет қана», - деді саясаттанушы. Марат Шибұтовтың атап өтуінше, Қазақстан келіссөздердің нәтижесінде ешқандай да ықпал жасай алмайды. «Бірақ, келіссөздердің бізде өтуінің өзі оған қатысушы тараптардың сенімін білдіреді. Ал бұл халықаралық саясаттағы біздің жақсы имиджіміздің көрсеткіші», - деді ол.