Жастар 25 жасқа дейін қоғамға бейімделіп, толыққанды қалыптасуы керек – Жигули Дайрабаев

Жастар 25 жасқа дейін қоғамға бейімделіп, толыққанды қалыптасуы керек – Жигули Дайрабаев

Жастар 25 жасқа дейін қоғамға бейімделіп, толыққанды қалыптасуы керек – Жигули Дайрабаев
ашық дереккөзі
«Ауыл» партиясынан Президенттікке үміткер Жигули Дайрабаев қазақстандық «жастар» ұғымының жас шеңберін ұлғайту мәселесіне қатысты өз пікірін білдірді деп хабарлады turkystan.kz. Кандидат 27 қазанда Қызылорда облысының сайлаушыларымен кездесу өткізді. Жиынға қатысқан қызылордалық жастар кандидаттан жастардың жасын 35-ке дейін ұлғайтуға қатысты қандай пікірде екенін сұрады.
«Кеше Қызылорда қаласында сайлаушылармен кездестік. Жиынға түрлі сала мамандары қатысты. Әсіресе, жастар тарапынан көптеген сұрақтар болды. Қазіргі уақытта жастардың жасын 29-дан 35-ке дейін ұзарту қарастырылып жатыр. Менің пікірімше, жастар 25 жасқа дейін қоғамға бейімделіп, толыққанды қалыптасу керек. Сол себепті бұл өзгерісті жан-жақты қарастырып қана бір шешімге келу қажет», – деді Дайрабаев.