Жаңалықтар

Салтанат Тұрсынбекова жұрт назарын нашақорлық пен маскүнемдік проблемасына аударды

ашық дереккөзі

Салтанат Тұрсынбекова жұрт назарын нашақорлық пен маскүнемдік проблемасына аударды

ҚР Президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова Қазақстан азаматтары арасында нашақорлық, құмар ойын жəне алкоголизм сияқты əлеуметтік проблемалардың кеңінен таралуына алаңдайтынын білдірді. Бұл туралы ол бүгін елордада құқық қорғаушылармен кездесу кезінде айтты. Қоғам қайраткері «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасымен жұмыс істеу кезеңінде өңірлерге – шалғайдағы ауылдарға жəне шағын қалаларға бірнеше рет барғанын атап өтті. «Адамдармен тікелей сөйлескенде ғана олар өздерінің нақты проблемалары туралы айтады. Тұрғындарды не мазалайтынын сезінуге болады. Мақсатым – осындай мəселелерді шешу. Мысалы, нашақорлық пен қоғамның маскүнемдігі. Қазір жаңа синтетикалық препараттар кең таралған. 9 жастан 12 жасқа дейінгі балалар Telegram арналарынан оларды қайдан жəне қалай табуға болатындығын біле алады. Жүргізілген зерттеулерге сəйкес, бала бірнеше сағат ішінде-ақ ондай мекенжайларды таба алады. Өкінішке қарай, мұнымен күрес шаралары тиімсіз жүргізілуде», - деп атап өтті ол. Сонымен қатар Салтанат Тұрсынбекова қазақстандық қоғамның тағы бір дертінің таралуына алаңдаулы. «Құмар ойындар туралы да осыны айтуға болады. Сайттар біздің балаларымызды белсенді түрде еліктіреді. Кейде ата-аналар бұған назар аудармай жатады немесе жасырады, фактілерді қабылдамайды, басқалардың пікірлерінен ұялады. Бұл факторлар мəселені шешуге кедергі келтіреді. Тағы да, біз бұл мәселені халыққа жеңілдету үшін не істеп жатырмыз?”, - деді Салтанат Тұрсынбекова. Салтанат ханым дəл осы мəселелер мемлекеттің болашақ басшысы үшін маңызды болуы тиіс екенін атап өтті. Салтанат Тұрсынбекова қоғамның осындай «дертінің», əсіресе кəмелетке толмағандар арасында таралуымен күресуге ниетті.