Мейрам Қажыкен Шәмші Қалдаяқовтың әнін орындады

Мейрам Қажыкен Шәмші Қалдаяқовтың әнін орындады

Мейрам Қажыкен Шәмші Қалдаяқовтың әнін орындады
ашық дереккөзі
ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен үгіт-насихат жұмыстарымен кездесу барысында Шәмші Қалдаяқовтың әнін орындады деп хабарлады turkystan.kz Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап. Бұған дейін М. Қажыкен үгіт-насихат науқаны аясында Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының «Заречное» ауыл шаруашылығы станциясына барған еді. Станция қызметкерлерімен кездесуде көтерілген негізгі тақырыптар – ауыл шаруашылығы саласындағы және ғылымдағы проблемалар болды. Жобаларды қаржыландырудың жеткіліксіздігі және ескірген техника зерттеу мен өндіріс әдістерін жетілдіруге кедергі келтіреді. Айта кетерлігі, станция ауыл шаруашылығы дақылдарының бірегей және репродуктивті тұқымдарын өндіреді, сондай-ақ асыл тұқымды мал өсірумен айналысады. Кездесу соңында «Заречное» станциясының ұжымы М. Қажыкенге арнап шағын концерт ұйымдастырды. Әртістер Шәмші Қалдаяқовтың «Кешікпей келем деп ең» әнін бірге орындау үшін, оны сахнаға шақырған.