Жаңалықтар

Мейрам Қажыкеннің Ұлытау облысындағы штаб қызметкерлері үгіт-насихат жүргізіп жатыр

ашық дереккөзі

Мейрам Қажыкеннің Ұлытау облысындағы штаб қызметкерлері үгіт-насихат жүргізіп жатыр

Мейрам Қажыкеннің Ұлытау облысындағы штаб қызметкерлері үгіт-насихат жұмысын жүргізіп жатыр деп хабарлады turkystan.kz.

Қазіргі уақытта бұл бағыттағы жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Штаб қызметкерлері мен еріктілер кандидаттың үгіт парақшаларын таратып, сайлауалды тұғырнаманы түсіндіру шараларын жалғастыруда. Тиісінше штаб басшылығы да күн сайын кәсіпорындармен қоса басқа да ұйымдардың кәсіподақтарымен кездесулер өткізіп жатыр. Бүгінде штабта 10-ға жуық адам жұмыс істейді. Облыстың барлық қалаларындағы орталық көшелерде билбордтар мен плакаттар ілінген. «Қазір біз үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бізде үлкен өнеркәсіптік кәсіпорындар шоғырланғандықтан,  негізінен сол компания жұмысшыларымен кездесулер өткіземіз. Біздің міндетіміз – үгіт-насихат уақытының соңына дейін барлық ұжымдарға бару», - деп атап өтті облыстық штаб басшысы Берік Жағыпаров. Бүгінгі таңда Республика бойынша 14 облыста М.Қажыкеннің сайлауалды штабы ашылған. Басқа өңірлерде кандидаттың сенімді өкілдері жұмыс істейді. Айта кетейік ел бойынша барлығы 130-дан астам азамат сенімді өкіл екенін растайтын куәліктерін алған.