Риддерліктер қаланы жылусыз қалдырған басшыны жауапқа тартуды талап етті
Риддерліктер қаланы жылусыз қалдырған басшыны жауапқа тартуды талап етті
Жылу маусымы басталмай жатып-ақ Риддер ЖЭО тұтынушыларына бірқатар жағымсыз тосын сыйлар жасап үлгерді. 23 қазанда №3 қазандықтың апатты сөндірілуіне байланысты қала тұрғындары бір тәулікке жуық жылусыз және ыстық сусыз қалды. Риддер тұрғындары суықты асыға күтіп, қыста мұндай жағдай қайталануы мүмкін деп қауіптенеді деп хабарлады turkystan.kz Айқынға сілтеме жасап.
Қала тұрғындарының 90 пайызын жылумен қамтамасыз етіп отырған «Риддер ЖЭО» АҚ соңғы жылдары жиі дауға қалып жүр. Риддердің маңызды коммуналдық қызметі жекенің қолында және кәдімгі бизнес-жоба. Мемлекеттің оның жұмысына араласуға құқығы жоқ. Алайда, болып жатқан оқиғалар облыс басшылығының бұдан былай ЖЭО жұмысына араласуына мәжбүрлейді. Былтырдан бері Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов жылу орталығының жылу беру маусымына дайындығын өзі қадағалап отыр.
Зауыт алғаш рет 1956 жылы пайдалануға берілген. 1997 жылдан бері «Риддер ЖЭО» АҚ американдық компанияның меншігінде болды, ал 2018 жылы компанияны қазіргі иелері GREEN ENERGY Q компаниясы сатып алды. Жасыратыны жоқ, көп жылдар бойы стансадағы қондырғылар тозып, жаңа қожайындар оны жаңғыртуды үнемі кейінге қалдырып келеді. Соның салдарынан ЖЭО төңірегіндегі шу биылдан бастап қыза бастады. Ал қажетті жөндеу жұмыстары облыс әкімдігінің араласуынан кейін ғана биыл жүзеге асты.
Коммуналдық нысанның жаңа қожайындары өз қызметтерінің 70 пайызына дейін сататын негізгі тұтынушы – «Қазмырыш» металлургиялық кешеніне бірден дерлік талаптарды күшейте бастады.
Облыс әкімдігінің тапсырмасы бойынша Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы Риддер ЖЭО басшылығының салғырттығына қатысты тексеру жұмыстарын бастады. Өйткені, барлық дерлік қала тұрғындарының әл-ауқаты мен денсаулығы қарап отырған маңызды стратегиялық нысанның әрекетін тиісті бақылаусыз қалдыру қауіпті.