Жаңалықтар

Қайрат Сатыбалды шетелге 300 млн долларды заңсыз шығарған

ашық дереккөзі

Қайрат Сатыбалды шетелге 300 млн долларды заңсыз шығарған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қайрат Сатыбалды мен басқа да адамдарға қатысты қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастырып жатыр деп хабарлады turkystan.kz. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде алыс шетелде фигуранттарға тиесілі құны 230 миллион АҚШ долларынан асатын, мемлекет кірісіне айналдырылған эксклюзивті асыл тастар мен зергерлік бұйымдар анықталып, елге қайтарылды. Сонымен қатар Қайрат Сатыбалдыұлының шетелдік бағалы қағаздарға 300 миллион АҚШ долларын салу фактісі анықталды. Көрсетілген сома жақын арада Қазақстан бюджетіне түседі.