«Адам көп жерге құлаған»: 24-қабаттан секірген студент туралы тың мәлімет шықты

«Адам көп жерге құлаған»: 24-қабаттан секірген студент туралы тың мәлімет шықты

«Адам көп жерге құлаған»: 24-қабаттан секірген студент туралы тың мәлімет шықты
ашық дереккөзі
Куәгерлердің айтуынша, қайғылы оқиға дүйсенбі күні кешкі сағат жетілер шамасында болған деп хабарлады turkystan.kz Экпресс К сайтына сілтеме жасап.
«Бір уақытта даладан қатты соққының дыбысы естілді. Содан кейін ішке жүгіріп кірген адамдар аулада адам өліп жатқанын айтты», -  дейді жақын маңда орналасқан дүкеннің сатушысы.
Марқұм 24 қабаттық тұрғын үйдің кіреберісіне жақын жерге құлаған. Студент құлаған жерде тұрғын үй қабаттарын баспалдақ арқылы байланыстыратын балкон бар.
«Қайтыс болған жігіт өз еркімен секіріп кетсе, өзімен бірге басқа адамдарды о дүниеге алып кетуге бел байлаған ба дейсің. Себебі ол құлаған жерде адам аяғы үзілмейді. Аулада үнемі балалар ойнап жүреді», - дейді көпқабатты тұрғын үй тұрғындарының бірі.