Жаңалықтар

Көшеде қызын сүйреп жүріп ұрған әйелге сот үкімі шықты

ашық дереккөзі

Көшеде қызын сүйреп жүріп ұрған әйелге сот үкімі шықты

Астанада көшеде қызын сүйреп жүріп ұрған әйелге сот үкімі шықты деп хабарлады turkystan.kz Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына сілтеме жасап. «Сотта анасы қызды жалаңаяқ, сырт киімсіз, спорт формасымен көшеге шығарып, басын көлікке ұрғаны анықталды. Сот барысында анасы әрекетін мойындамай, қызын көлікке отырғызып, есікті жабуға тырысқанын айтты. Осы кезде қызы көлікке отырудан бас тартып, автокөлікке шынтағын соғып алған», - делінген сот таратқан хабарламада. Сотта баланы ұрып-соғу дерегі видеомен расталды. Сондай-ақ сот анасының мінез-құлқын жас баланың дамуына жол бермейтін және зиян тигізетін қылық деп, бала тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін кінәлі деп таныды (ӘҚБтК 127-бабының 1-бөлігі). «ӘҚБтК 127-бабының 1-бөлігінің санкциясы 10 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі жазаны көздейді. Сот анасына ең жоғары жаза - 10 АЕК көлемінде айыппұл тағайындады», - делінген хабарламада. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.