«Бізді кіргізбейді»: жансақтау бөлімінде жатқан Жүрсін Ерманның қазіргі жағдайы белгілі болды

«Бізді кіргізбейді»: жансақтау бөлімінде жатқан Жүрсін Ерманның қазіргі жағдайы белгілі болды

«Бізді кіргізбейді»: жансақтау бөлімінде жатқан Жүрсін Ерманның қазіргі жағдайы белгілі болды
ашық дереккөзі
Айтыскер ақын Жүрсін Ермановтың денсаулығы туралы зайыбы Бақытжамал Ерманова айтып берді деп хабарлады turkystan.kz caravan.kz сайтына сілтеме жасап.
«Ауруханаға түскенде қатты алаңдап едік. Қазір жағдайы жақсы. Жақсарып келе жатыр. Қасында дәрігері, медбикесі бар. Бізді кіргізбейді. Тек хабарын біліп отырмыз. «Батпандап кірген ауру мысқылдап шығады» дейді ғой. Таяу арада жазылып, қатарымызға қосылып кетеді деген үмітіміз бар. Жақсы ниетпен отырмыз», - деді Бақытжамал Ерманова.
Айта кетейік, бұған дейін Жүрсін Ерманның жансақтау бөліміне түскені туралы бірнеше БАҚ хабарлаған болатын. Бұл жөнінде министр Ажар Ғиният та пікір білдірген.