Ауыр атлет Алла Важенинаға Пекин Олимпиадасының алтыны бұйырды
Ауыр атлет Алла Важенинаға Пекин Олимпиадасының алтыны бұйырды
Халықаралық Олимпиада комитеті 2008 жылғы Пекин Олимпиадасы мен 2012 жылғы Лондон Олимпиадасында өнер көрсеткен тағы 8 спортшының нәтижесін жойды.
Олардың арасында қытайлық ауыр атлет Цао Лэй де бар. Сол жылы жергілікті спортшы 75 келіде топ жарған еді. Оның алтын жүлдесі енді қазақстандық Алла Важенинаға бұйыратын болды.
Пекинде Важенина күміс жүлдегер атанған еді. Қола ресейлік Надежда Евстюхинаға бұйырған.
Халықаралық Олимпиада комитетінің ресми сайты Цао Лэйдің нәтижесінәі күшін жойғанын ресми түрде мәлімдеп отыр. Қытай қызының допинг-сынамасынан бой өсіретін гормон арттырғыш заттар табылған.
ХОК Цао Лэйден бөлек Чэнь Сеся (48 келі), Лю Чуньхун (69 келі) және ядро лақтырушы беларусь Надежды Остапчуктың жүлделерін қайтарып алды.
Қайта тексерудің қорытындысы бойынша балға лақтырушы беларусь Дарья Пчельник (4-ші орын, 2008), түркиялық ауыр атлет Сибел Симсек (4-ші орын, 63 келі, 2012), әзірбайжандық ауыр атлет Интигам Заиров (6-шы орын, 94 келі, 2012) және армениялық атлет Норайр Варданян (11-ші орын, 94 келі, 2012) секілді спортшылардың нәтижелері жойылды. Еске сала кетсек, бұған дейін қазақстандық ауыр атлеттер Илья Ильин, Зульфия Чинчанло, Мая Манеза, Светлана Подобедова Олимпиада ойындарында алған алтын жүлделерінен айырылып қалған болатын.