Сирия мәселесі бойынша Астана келіссөзіне АҚШ та шақырылады
Сирия мәселесі бойынша Астана келіссөзіне АҚШ та шақырылады
Мәскеу АҚШ-тың Сириядағы жағдайды бейбіт жолмен реттеу бойынша келіссөзге қатысуына келісті, деп мәлімдеді Түркия СІМ басшысы Мевлют Чавушоглу. Келіссөз Астанада 23 қаңтарға белгіленген, деп хабарлайды dw.com.
Ресей АҚШ-тың Сириядағы жағдайды бейбіт жолмен реттеу бойынша келіссөзге қатысуына келіседі, деп мәлімдеді 12 қаңтарда, бейсенбі Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу.
«АҚШ-ты қандай жағдайда болса, шақырту қажет, бұл жайында Ресеймен келістік», деп мәлім еткен Чавушоглу. Оның сөздерін AFP агенттігі жария етті. Дамаскіде сириялық басшылық пен көтерілісшілер өкілдерінің азаматтық кикілжіңді саяси жолмен шешу туралы келіссөздері Астанада 23 қаңтарда өтуі тиіс. Ол Ресей, Түркия және Иран бастамасымен өтеді. Түркия сириялық көтерілісшілерге қолдау көрсете отырып құрд қарулы топтарына қарсы күрес жүргізеді. Ал, Ресей мен Иран президент Башар Асад жағында.Қазақстан бейбітшілікті дәріптеп, әлем елдерінің ядролық қарусыздануға шақырған ел. Естеріңізде болса, дүниежүзінде күшті ядролық әлеуеті бар мемлекет бола тұра ядролық қарудан бас тартып, әлемге үлгі болған еліміздің бейбітшілік мақсатындағы бастамаларының біріншісі бұл емес. Бұған дейін Ресей мен Түркия қарым-қатынасының қайта жылуына үлес қосып, Президент Нұрсұлтан Назарбаев арағайындық жасаған болатын. Бұл жолы да Қазақстан Сирия мәселесі бойынша келіссөзге шақырып отыр. Бұған дейін Женевада өткен Сирияның мәселесін бейбіт жолмен шешу келіссөзінің нәтижесі көзге көрінбеді. Айтқандай, Сирия мәселесіне байланысты АҚШ-тың шақырылмауы туралы шетелдік баспасөз жарыса жазып еді. Бұл нені білдіреді деп бас қатырып еді. Алайда Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу асығыстық танытқандарға қажетті ақпарт таратты.